1 млрд 100 млн теңгеден астам қаражат Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жоюға бағытталады. Үкімет бұл ақшаны өңірдегі электр желілерін қалпына келтіруге бөліп отыр. Тиісті жұмыстар Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая, Кеңтүбек – Бөрлі ауданындағы Александровка және Шыңғырлау ауданындағы Ащысай елдімекендерінде атқарылуы керек. Қаражат өңірлік бюджетке аударылады. Ал әкімдік Энергетика министрлігіне желтоқсанның 1-не дейін жұмыс нәтижесі жөнінде есеп беруі тиіс.
Қаркөз Тұрмағамбет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су тасқыны: 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195720/)