Оралда базарда газ баллоны жарылды: Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда базарда газ баллоны жарылды: Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

26.06.2024

Оралда базардағы газ баллоны жарылысынан зардап шеккен екі адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың бірі - денесінің 91 %-ын күйік шалған ер адам. Екіншісі - 17 жастағы азамат. Одан бөлек, бес адам травматология бөлімшесінде емделіп жатыр. Олардың бірі – 15 жастағы ер бала. Оқиға «Ел ырысы» базарының аумағында Құрбан айтқа сойылған малдың басын үйітуге дайындалған жерде болған. Жарылыс пен өрттен он адам зардап шегіп, 9-ы ауруханаға түскен еді. Екеуі амбулаториялық емге жіберілген. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу