![«Талғар» тарихи қалашығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде сақталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_12509.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Талғар» тарихи қалашығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде сақталады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовпен, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокованың Париждегі кездесуінде белгілі болды.
Кездесу аясында Жібек жолының алғашқы Чанъань-Тянь-шань дәлізіндегі 8 қазақстандық ескерткішті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде сақтау жөніндегі келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетовке аталған нысанды бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосу туралы сертификат тапсырылды.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Талғар» тарихи қалашығы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде сақталады &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/19574/)