Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысы өтті

26.06.2024

Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді. Онда ұйымның өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Банк жұмысын әрі қарай жетілдіру бойынша бойынша бірқатар шешімдер қабылданды. Басқарма төрағасы Николай Подгузовтың дерегінше, былтыр қаржы ұйымының жылдық инвестиция көлемі 1,7 млрд долларға жеткен. Әсіресе, «жасыл энергетикаға» бағытталған жобаларға көбірек қаржы салған. Жалпы банктің соңғы 18 жылда инвестициялық табысы 14,7 млрд доллардан асты. Бас-аяғы 285 жобаны қаржыландырды. Оның ішінде еөбіне көлік, цифрлық жүйе, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы жобалар бар.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу