Бүгін еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды

27.06.2024

Бүгін еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды. Батыста және солтүстік өңірлерде жауын жауып, найзағай ойнайды. Тіпті бұршақ жаууы да мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді. «Қазгидромет» желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді деп болжайды. Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аудандарында да күн райы бұзылады. Мамандар аптап ыстық болатынын хабарлайды. Ұлытау, Қарағанды, Жетісу облыстарында термометр бағаны +38 градусқа дейін көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысында да күн ыстық. Өрт қаупі жоғары. Түркістан мен Қызылорда облыстарында ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді. Ал Астанада 35 гуадус ыстық.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу