Сарапшы: Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы табысты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы табысты болды

27.06.2024

Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы табысты болды. Сарапшылардың пікірі осылай. Былтырдан бастап ұйымға Қазақстан жетекшілік етіп келеді. Еліміз төрағалық еткен уақытта атқарылған істердің қорытындысы алдағы шілде айында Астанада өтетін мемлекет басшыларының кеңесінде шығарылады.

Бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын жаһандық тұрақтылық пен жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыруға бағыт алған беделді орталық ретінде білеміз. Ал, Қазақстанның ұйымға төрағалық ету барысында атқарған істері табысты әрі жемісті болды, - дейді өзбекстандық сарапшы Мурат Бахадиров. Оның пайымдауынша, халықаралық ұйымның жұмыс форматы қарама-қайшылыққа емес, интеграция мен ынтымақтастыққа негізделген

Мурат Бахадиров, Әлемдік экономика және дипломатия университетінің доценті, сарапшы:

Саяси дағдарыс пен бәсекелестік, түрлі қауіптің артуы инвестициялық байланыстардың үзілуіне алып келеді. Бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатер төндіреді. Бұл орайда, ШЫҰ – тараптармен сындарлы диалог жүргізіп, тиімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін алаңға айналды.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу