Ақмола облысында су тасқыны кезінде үйінен айрылған отбасыларға баспана берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында су тасқыны кезінде үйінен айрылған отбасыларға баспана берілді

27.06.2024

Игі шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы себеппкер болды. Жалпы «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы аясында тағы бірнеше отбасы қоныс тойын тойлады.

Көктемде болған су тасқыны кезінде Жарқайың ауданы Гастелло ауылының тұрғыны Дархан Қабиденов те баспанасыз қалған. Үш бөлмелі ағаштан тұрғызылған үйді толық су басқан. Баспананы бағалаған комиссия тұруға жарамсыз деп шешкен.

Бұл қуаныштың көз жасы. Су тасқынынан зардап шеккен Қабиденовтер жанұясы қоныс тойын тойлады. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Жарқайың ауылынан 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Қабиденовтер – интернационалдық отбасы. Дарханның келіншегі Ксения орыс ұлтының өкілі. Екеуі екі бала тәрибиелеп отыр. Жанұяда қазақтың салт-дәстүрі берік сақталған.

Дархан Қабиденов, Жарқайың ауданының тұрғыны:

Үлкен алғысымызды Қазақстан Ассамблеясының қорына білдіремін, үлкен рақмет сіздерге. Үй ыңғайлы мал шаруашылығымен айналысуға жақсы жері бар терреториясы үлкен.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тұрғындарға 1500 тонна гуманитарлық көмек жіберген. Ассамблеяның 12 мыңдай өкілі су тасқыны болған өңірлерде ерікті болды. Бұдан бөлек, 770 миллион теңгеден астам қаржы жинап берді.

Мұхтар Күлжан, ҚР Президенті әкімшілігі қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының инспекторы:

Мемлекеттен пәтер ала алмағандарға Ассамблея осындай көмек көрсетіп жатыр. Әрі қарай облыстарға барамыз шамамен 5 үй жоспарда.

Су тасқыны кезінде баспанасыз қалған тұрғындарды қолдау жұмыстары жалғасып жатыр. Аудан әкімінің айтуынша, «Асар Ақмола» қоры есебінен Жарқайың ауданынан 27 үй сатып алынған. Одан бөлек, Пригородное ауылынан 30 отбасыға арналған екі пәтерлі 15 тұрғын үйдің құрылыс жүріп жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу