Сенат осы сессияда 102 заңды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат осы сессияда 102 заңды қабылдады

27.06.2024

Сенат осы сессияда 102 заңды қабылдады. Оның үштен біріне депутаттар бастамашылық еткен. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жоғарғы палаты жұмысын қорытындылады. Спикер биыл әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін күшейтетін заң қабылданғанын атап өтті. Бұған қоса, буллинг, кибербуллинг үшін жауапкершілік енгізілді. Қоғамда кең тараған тағы бір дерт — лудоманияға қарсы іс-шаралары қолға алынды. Сонымен бірге, «Ұлттық қор балаларға» жобасы іске асырыла бастағанын айтты. Денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселені шешуге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін одан ары жетілдіруге арналған заңдар қабылданды, - Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Сессия барысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Жолдауда, Үкіметтің кеңейтілген отырысында және Ұлттық құрылтайда айтылған, сондай-ақ Президентіміздің өзге де тапсырмаларын орындау депутаттардың басты назарында болды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу