Елімізде күн 43 градусқа дейін ысиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде күн 43 градусқа дейін ысиды

27.06.2024

43 градусқа дейін күн ысиды. Бүгіннен бастап елімізде тұрақсыз ауа райы басталды. Батыс және солтүстік өңірлерде жауын жауып, найзағай ойнайды. Тіпті бұршақ жаууы да мүмкін. Ал, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді деп болжануда. Мамандар күннің ыстығында майлы тамақ жемеуге, энергетикалық сусын ішпеуге кеңес береді.

Айжан Жандосова, «Қазгидромет» РМК маманы:

Жаңбыр қарқыны 27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусым күндері солтүстік-батыста, 28-29 маусым күндері еліміздің батысында, солтүстігінде қатты болады. Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында +40+43°С градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу