Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен ауылға мектеп салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен ауылға мектеп салынады

28.06.2024

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысындағы Нұра ауылының тұрғындары үшін жаңа ауыл салына бастады. Құрылыс жұмыстары үшін елдімекеннен он екі шақырым жердегі Сарыоба деген жер таңдалған еді. Мұнда барлығы 75 баспана бой көтереді. 11 құрылыс компаниясы жұмысты бастап кетті. Ауылға су, жарық пен көгілдір отын тартылады. Бұған дейін әлеуметтік нысандарға қатысты мәселе болған еді. Дегенмен бұл сұрақ та шешімін тауып жатыр. Жаңа елдімекеннен 60 орындық мектеп те салынатын болды. Жоба құны 505 миллион теңге. Жұмыс шілде айында басталып, жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жалпы, Ырғыз ауданы бойынша 134 үй бой көтереді. 25 отбасы екінші нарықтағы баспаналарға көшіп үлгерді.

Нұрлан Қызбергенов, Ырғыз ауданының әкімі:

Жеке кәсіпкермен меморандумға қол қойылды.Сарыоба жерінен 60 орындық мектеп салынады. Ол мектептің өзінің спорт залы болады. Асханасы және бөбекжай қоса салынады. Оған қоса фельшерлік пункт те салынады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу