Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 66 млрд долларға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 66 млрд долларға жетті

28.06.2024

Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 66 млрд долларға жетті. Бұл туралы "Атамекен" төрағасы, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдері іскерлік кеңесінің төрағасы мәлімдеді. Райымбек Баталовтың айтуынша, бұл елдерден былтыр Қазақстанға 4,6 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылған. Сондай-ақ, ұйым елдері арасында экспорт пен импорт артып, бірлескен кәсіпкерлік дамып жатыр.

Райымбек Батталов, «Атамекен» ҰКП Төрағасы, ШЫҰ мүше елдері іскерлік кеңесінің төрағасы:

2023 жылы Қазақстанның тауар айналымы ШЫҰ елдерімен шамамен 66 млрд АҚШ долларын құрап, 7,5%-ға өсті. Бүгінде Қазақстан аумағында ШЫҰ елдері капиталының қатысуымен 29 мыңнан астам компания және 5 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2023 жылы ШЫҰ елдерінен Қазақстанға инвестициялар көлемі 4,6 млрд АҚШ долларын құрайды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу