Ақтөбеде 3,5 мың тұрғын көлік салығын төлемеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 3,5 мың тұрғын көлік салығын төлемеген

28.06.2024

Ақтөбеде 3,5 мың тұрғын көлік салығын уақытында төлемеген. Берешек 369 миллионнан асып кеткен.

Сондықтан Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, полицейлермен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейд өткізіп жатыр. Айдың басында басталған шарада, мамандар салықты уақытында төлемеген көлік жүргізушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Көбі, берешегін сол мезетте төлейді. Ал, бас тартса, олардың есепшоттары бұғатталады. Қазірге дейін үш көлік айып тұрағына жеткізілді. Сот орындаушыларына жыл басынан бері борышкерлерден 8 мың атқару құжаты түскен.

Ерік Сағындықов, Қалалық кірістер басқармасының бас маманы:

«Бірінші сәуірге дейін 3 503 автокөлік салық төлеп боулы керек еді.Ол кісілер төлемегеннің кесірінен қазір олардың материалдары сот орындаушыларына өтіп кетті. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу