Е.Қарин: Саяси реформалар ел өміріне елеулі өзгеріс әкелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қарин: Саяси реформалар ел өміріне елеулі өзгеріс әкелді

28.06.2024

Саяси реформалар ел өміріне елеулі өзгеріс әкелді. Соның арқасында жаңа теңдестірілген билік жүйесі қалыптасты. Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында осындай жазба жариялады. Яғни «Соңғы бес жылда елімізде ауқымды әрі түбегейлі өзгерістер болды. Қазақстанда жүргізілген институционалдық реформалардың арқасында жаңа теңдестірілген билік жүйесі қалыптасты. Соның аясында Парламенттің ықпалы айтарлықтай ұлғайып, Үкіметтің жауапкершілігі артты, Конституциялық Сот құрылды. Азаматтардың әлеуметтік белсенділігі мен саяси мәдениетінің артуы – жаңа саяси ахуалдың айқын көрінісі» - деді, Мемлекет кеңесшісі.




Хабарламаларға жазылу