Қостанайда нөсер жауыннан кейін көшелер көлге айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда нөсер жауыннан кейін көшелер көлге айналды

01.07.2024

Нөсер жауыннан кейін Қостанай қаласының көшелері көлге айналды.

Шаһардағы арықтар мен суағарлар мұндай көп мөлшердегі суды өткізуге дайын болмай шықты. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жүретін аумақтарға дейін нөпір судың астында қалған. 9-шы шағын аудандағы мектептің айналасы ағысы қатты өзенге айналды. Жеке тұрғын үйдегілер тіпті далаға шыға алмай қалған.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу