Солтүстік Кореяда екі баллистикалық зымыран сыналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда екі баллистикалық зымыран сыналды

01.07.2024

Бүгін Солтүстік Кореяда екі баллистикалық зымыран сыналды. АҚШ пен Оңтүстік Корея әскерилерінің мәліметінше, ракеталардың біреуі 600, екіншісі 120 шақырымға ұшқан.

Айта кетсек, өткен тәулікте ресми Пхеньян АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея армияларының бірлесіп жаттығу өткізуін қатаң сынады. Және де сол мәлімедемесінде Солтүстік Корея мұндай маневрларға «жан-жақты жауап» қайтаратынын ескерткен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу