Атырау облысы Индер ауданында қарақұрт қаптап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысы Индер ауданында қарақұрт қаптап барады

01.07.2024

Атырау облысы Индер ауданында қарақұрт қаптап барады. Осы уақытқа дейін 10 адам зардап шеккен, оның 2-еуі бала. Абырой болғанда бәрі аман. Ал қарақұрт шаққан 87 түйенің 8-і, 9 жылқының 5-еуі өлген. Улы жәндік ауданға қарасты барлық округтердің жайылымдық жерлерінде кездесіп отыр. Сондықтан жауапты мамандар шаруаларға малдарына бақылауды күшейтіп, ал тұрғындарға қарақұрт шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керегін ескертті.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу