Ақтөбелік дәрігерлер күрделі операцияны өздері жасай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік дәрігерлер күрделі операцияны өздері жасай бастады

01.07.2024

Ақтөбелік дәрігерлер эпилепсиямен ауыратын балаларға күрделі отаны өздері жасауды үйренді. Олар алматылық тәжірибелі маманның көмегіне жүгінген. Жергілікті дәрігерлер армакорезистентті эпилепсиямен ауыратын ақтаулық балаға жасалған отаға қатысты. Мұндай диагнозбен ауыратын науқасқа дәрі-дәрмектер мен емдеудің басқа түрлері тиімсіз. Нейрохирургтар жаңа әдіс арқылы балалардың ұстамасын 60 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік алып отыр. Сырқаттың бассүйек жүйкесіне арнайы стимулятор орнатылады. Бұл қондырғы тері астында 4-10 жылға дейін қалады. Егер дер кезінде медициналық көмек берілмесе эпилепсия баланың психикалық және физикалық дамуына кедергі келтіреді, дейді дәрігерлер.

Самат Көкшібаев, балалар нейрохирургі:

Бастан он екі нерв өтеді. Соның бәрі аппаратқа салынады.Аппаратқа салынғаннан кейін тоқ арқылы симулияция болады. Ол судороганы азайтады.Алматыда осы хирургиялық оталар жасалынды, ендігі біздің нейрохирургиялық обществоның мақсаты – бұл операцияны региондарда өткізу.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу