«EURO-2024»: 5 шілде күні Испания мен Германия құрамалары кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO-2024»: 5 шілде күні Испания мен Германия құрамалары кездеседі

01.07.2024

Германияда өтіп жатқан доп додасы қыза түсті. Жанкүйерлер 5 шілде күні Испания мен Германия арасындағы тартысты ойынның куәсі болады. Ал бүгін плей-офф кезеңіндегі кезекті матч. Біздің уақытпен 20:50-де Франция мен Бельгия құрамалары кездеседі. Матчты «Qazsport» арнасынан көре аласыз. Ал түнгі 23:50-де Португалия мен Словения кездесуі басталады. Бұл ойынды Ұлттық арна да, «Qazsport»-та тікелей эфирде көрсетеді.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу