Шанхай Ынтымақтастық ұйымы климаттың өзгеруі мен экология сияқты жаһандық мәселелерді шешуде белсенді рөл атқаруы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
«2024 жыл Қазақстанның бастамасымен ШЫҰ-ның экология жылы болып жарияланды. Экология, табиғи аумақтарды қорғау, экотуризм, климаттың өзгеруімен күрес салаларында халықаралық құжаттар әзірленіп, қабылданады деген жоспар бар. ШЫҰ мен БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы арасындағы қарым-қатынас орнатылды. ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды деп жоспарланып отыр. ШЫҰ экология және климаттың өзгеру мәселелеріне тиімді шешім таба алады деп сенемін».
Аида Ахметбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент: ШЫҰ жаһандық мәселелерді шешуде белсенді рөл атқаруы тиіс&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195966/)