Президент: Қытаймен достық және тату көршілікті одан әрі нығайту басымдыққа ие - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Қытаймен достық және тату көршілікті одан әрі нығайту басымдыққа ие

02.07.2024

Қытаймен достық пен тату көршілікті одан әрі нығайту басымдыққа ие. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары қарсаңында «Жэньминь Жибао» тілшісіне сұхбат берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Бұл ұстаным екі ел халқының түпкі мүддесіне толық жауап береді және өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа ықпал етпек, - деді Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейінгі алғашқы шетелдік сапарын 2022 жылы Қазақстанға жасады. Мен былтырдан бері Қытайға үш рет сапармен бардым. Біздің тұрақты достық байланысымыз мемлекетаралық қарым-қатынастардың үдемелі дамуының берік негізі саналады. Бұл тұрғыда өзара байланысымыз жаңа «алтын 30 жылдық» аясында дами түседі. Менің досым, құрметті Төраға Си Цзиньпинмен кездесулерімізді ерекше жылылықпен еске аламын. Біз үнемі өзара ашық әрі сенім жағдайында өзекті мәселелерді талқылап, халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасамыз. Мұндай тұрақты өзара байланыс форматы бір-бірімізді жақсы түсінуге мүмкіндік береді, яғни бұл жағдай халықтар арасындағы достықты нығайту үшін өте маңызды деп айта аламыз.


Хабарламаларға жазылу