Сарапшы: ҚХР төрағасының сапары қазақ-қытай қатынастарын одан әрі тереңдетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: ҚХР төрағасының сапары қазақ-қытай қатынастарын одан әрі тереңдетеді

03.07.2024

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға келуі Қазақ-Қытай қатынастарын одан әрі тереңдету үшін зор маңызға ие. Сарапшы Айдар Құрмашев Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің отырысы аясында жүргізілетін келіссөздер мен қабылданатын құжаттардың маңыздылығына тоқталды.
 
Айдар Құрмашев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің басшысы

Шанхай ынтымақтастық ұйымының энергетика саласын дамыту бойынша 30 жылға дейін стратегияға қол қойылады. Кездесулер өткеннен кейін мемлекеттер арасындағы гуманитарлық байланыстар өседі деген ойдамыз. Мысалға, Сиянь мен Алматы арасындағы туристік пойыз ашылады деген жоспар бар.
Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу