ШЫҰ-ға мүше елдердің халық саны үш миллиардтан асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ-ға мүше елдердің халық саны үш миллиардтан асады

03.07.2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымына 9 ел мүше. Олар: Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Пәкістан.

Осы ұйымға мүше 9 елдің халық саны 3 миллиардтан асады. Бұл дегеніміз - әлемде өмір сүріп жатқан халықтың 45 пайызы. Яғни, ұйымға мүше елдерде жер шары халқының жартысына жуығы тұрады. Сондай-ақ, әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірі және жаһандық сауда-саттықтың 15 пайызы ұйымға мүше мемлекеттерге тиесілі.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу