Сарапшы: ШЫҰ саммитінде 20-дан астам маңызды құжатқа қол қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: ШЫҰ саммитінде 20-дан астам маңызды құжатқа қол қойылады

03.07.2024

Қазақстан қазір, дипломатиялық аренада өзіндік беделі бар мемлекетке айналды. Бұған дәлел әлем халқының жартысына жуығы шоғырланған елдер мүшелік ететін Шанхай Ынтымақтастық ұйымның биылғы отырысының біздің елде өтуі. Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Дамир Белгібаев осылай деді. Оның сөзінше, саммитте жиырмадан астам әртүрлі саланы қамтитын құжатқа қол қойылады.

Дамир Белгібаев, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» кеақ әлеуметтік зерттеулер орталығының сарапшысы:

Енді 20 құжаттың ішінде ең басты мәселе - ол экономикалық мәселелерді іске асырады. Өйткені Қазақстан Батыс пен Шығысты жалғап отырған трансбайланыстардың ортасы деп айтсақ болады. Қытайдың өзінің бір мақсаты бар. Ұлы Жібек жолының заманауи түрін жаңғырту деген сияқты. Енді осы ретте Қазақстан өзінің логистикалық әлеуетін пайдаланып экономикалық бір мүмкіндіктерге жол табуға негіз болып табылады.


Хабарламаларға жазылу