Елімізге шетелден келетін турист саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге шетелден келетін турист саны артты

03.07.2024

Биыл – Қытайда «Қазақстан туризмі» жылы. Осы ретте, елімізге келетін саяхатшы саны артқан. Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, былтыр Қытайдан Қазақстанға 367 мың турист келген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда, 20 есе көп. Қазір, қос ел арасында 44 тікелей әуе рейсі бар. Визасыз тәртіптің енгізілуі де, барыс-келістің артуына ықпал етіп отыр. Бүгінде, еліміздің көрікті жерлерін тамашалау үшін аспан асты елінен бөлек, басқа мемлекеттерден де турист көп. 

Хабарламаларға жазылу