Саммитке қатысушылар кешкі ас форматында концерттік бағдарламаны тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саммитке қатысушылар кешкі ас форматында концерттік бағдарламаны тамашалады

04.07.2024

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілері кешкі ас форматындағы концерттік бағдарламаны тамашалады. Президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, «Достық жолы» хореографиялық композициясы ұсынылды.

Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған. Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалды.


Хабарламаларға жазылу