ШЫҰ жоғары деңгейдегі ұйым екенін көрсетті - Депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ жоғары деңгейдегі ұйым екенін көрсетті - Депутат

04.07.2024

Астанада өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне бүкіл әлем назар аударып отыр. Халықаралық жиында көпжақты диалогты дамытуға, әлемдегі бейбіт келісімдер арқылы біраз мәселені шешуге қадам жасалмақ.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осындай пікірде. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриштің келуі де Ұйымының әлемде беделі өскенін көрсетеді, - деді.

Елнұр Бейсенбаев – ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Әрі қарай күшеюіне серпін беріп отырған тағы бір үлкен мәселе Гуттереш мырзаның арнайы қонақтап келуі. Ауғаныстан мемлекетінің кіруі сияқты яғни осындай қауіп-қатерлі мемлекеттердің қауіпсіздік сақтай алатын я болмаса қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын, ұйым ретінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының сенім артуы оның жоғары деңгейдегі ұйым екенін көрсетіп отыр.


Хабарламаларға жазылу