«Азия балалары-2024»: Ел қоржынына тағы 20 медаль түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Азия балалары-2024»: Ел қоржынына тағы 20 медаль түсті

05.07.2024

Ресейдің Якутск қаласында өтіп жатқан "Азия балалары" ойындарында ел қоржыны тағы 20 медальмен толықты. Жас шахматшыларымыз 1 алтын мен 2 күміс жүлде алды. Ұлдар арасында Алан Петухов ең көп ұпай жинап, алтыннан алқа тақса, Даниал Сапенов күміс жүлдегер атанды. Қыздар арасында Айару Алтынбек 2-ші орынға тұрақтады. Жас мерген Ангелина Сорокина стенд атудан чемпион атанды.

Ал 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде Софья Малкина күміс жүлдеге қол жеткізді. Роман Курасов құзға өрмелеудің жылдамдық санатында ешкімге дес бермеді. Ал қыздар арасында Арина Новицкая қола медаль еншіледі. Жеңіл атлеттеріміз де қоржынымызға 2 алтын мен 2 күміс медаль салды. Халықаралық жарыста әзірге 17 жас спортшымыз жеңімпаз атанып отыр. 27 атлет күмістен алқа тақса, 48-і қолаға қол жеткізді.

Айару Алтынбек - Шахматтан VIII Жазғы «Азия балалары» ойындарының күміс жүлдегері:

Мен біріншіден жетінші турға дейін жеңілмей келдім. Бірақ сегізінші турда Россияның қызымен ойнадым. Басынан өте қиын турнир болды. Азия бойынша барлық шахматистер келді, мықты шахматистер. Ең қиыны Россияның шахматшыларымен болды.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу