167 млн теңгеден астам сомаға қырыққа жуық адамды алдады деген күдікті ұсталды. Бүгінге дейін Арменияда жасырынып жүрген әйел адам, елге экстрадицияланып, Ақтаудағы тергеу изоляторына қамалды. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2019-2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы "Finiko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған.
Қылмыс жасағаннан кейін сырт елге қашқан. Күдіктінің айыбы толық дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 7 жылға дейін белгілі бір қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаржы пирамидасын басқарды деген күдікті ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/196158/)