Иранда Президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда Президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр

05.07.2024

Иранда президент сайлауының екінші туры өтіп жатыр. Саяси науқанның алғашқы кезеңі 28-маусымда өткен болатын. Осыдан бірер сағат бұрын елдің рухани жетекшісі аятолла Хаменей Тегерандағы сайлау бөлімшелерінің бірінде дауыс берді. Президенттікке екі адам үміткер.

Олар - Масуд Пезешкиан мен бұрынғы ядролық келіссөз жүргізуші Саед Джалили. Бюллетень тастайтын учаскелер жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-де ашылды. Кешкі алтыда жабылады. Сайлаудың соңғы нәтижесі сенбі күні жариялануы керек. Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раиси мамырда тікұшақ апатынан қаза тапқан еді. 

Хабарламаларға жазылу