Алматыда бір айда тауға шыққан 100 адам құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір айда тауға шыққан 100 адам құтқарылды

05.07.2024

Бір айға жетер жетпес уақытта Алматының тауында адасып қалған 109 адам құтқарылды, оның ішінде 11 жасөспірім бар. Мамандар, тауға шықпас бұрын бағыт-бағдар мен уақытты дұрыс жоспарлап, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Осыдан 3 жыл бұрын Шарын шатқалында сел жүріп, сыныптастарымен демалуға барған Зерені тасқын су 4 шақырымға ағызып әкеткен. Анасы Жәния сол күнді есіне алып, көңіліп босап қалды.

11 жастағы Зерені іздеу оңайға соқпаған. Жасөспірімді төтеншеліктер 20 сағаттан соң тауып алыпты.

Жәния Шымырбекқызы, Зеренің анасы:

Біз шаңғының киімін, бас киім, қолғаппен жүрміз, ал ол шарты майкамен отыр. Ешқандай дрон жібермейді. Қалай енді білмеймін. Бір-екі-үш дрон жіберсе, біз сол қызымызды 1 сағаттан кейін тауып алатын едік. Немесе дәл сол уақытта сол кезде водалаздарды жіберсе, мынандай қайықпен тауып алатын едік.

Айналасы 10 минуттың ішінде екпіндеткен сел он шақты демалушыны ағызып әкеткен. Сол қайғылы оқиғада мұғалім мен оқушы көз жұмды. Осы ретте мамандар, тауға шығарда алдын-ала ауа райын бақылап, бағыт-бағдарды жоспарлап алған дұрыс дейді.

Досым Надырбеков, қалалық құтқару қызметінің құтқарушысы:

Мынау арнайы сөмке. Құтқарушылар міндетті түрде, шығар алдында олар таулы аймақта жартастан түсе алмай қала ма, мынау қауіпсіздік белдігі болады. Бұны саламыз. Мынау енді судың арғы бетінде қалып құтқарушылар зардап шеккендерді бері өткізеді, соған арналған ролик. Ал мына жартасқа арналған жомар. Мынау сегіздік, бұнымен төмен қарай биіктіктен түсуге арналған. Мынау фонарик, жол табуға, адасқан жағдайда.

Айдана Қуантхан, тілші:

Тауда ауа-райы құбылмалы. Аяқ асты жаңбыр жауып, күн кенеттен салқындап кетуі мүмкін. Шыңға шығу үшін спорттық аяқ киім де киюге болмайды. Міндетті түрде табаны қатты, қонышы қалың бәтеңке болуы керек, дейді мамандар. Мәселен, қазір менің үстімдегі киім тауға көтерілуге жарамсыз. Сондықтан мен құтқарушылар тобынан орта жолда қалып қойдым.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу