«EURO 2024»: Ширек финал кезеңіндегі алғашқы матчтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: Ширек финал кезеңіндегі алғашқы матчтар

05.07.2024

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының ширек финал кезеңіндегі алғашқы кездесулер болады. Алдымен алаң иелері Испания құрамасының футболшыларына қарсы матч өткізеді. Қос команда арасындағы ойын, біздің уақытпен, 20:50-ге белгіленген. Матчты «Qazsport» арнасы трансляциялайды. Содан кейін Португалия мен Франция футболшылары жартылай финал жолдамасына таласады. Ойын 23:50-де басталады. Кездесуді Ұлттық арна да, «Qazsport»-та тікелей эфирде көрсетеді.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу