Ерлан Қарин: Мәдени, тарихи ескерткіштерді бүлдіргендер жазаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Мәдени, тарихи ескерткіштерді бүлдіргендер жазаланады

06.07.2024

Осы аталған Заңның негізінде, енді мәдени, тарихи ескерткішті бүлдіргендерге жаза күшейді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин: "Бұл - Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған төртінші құжат" екенін еске салды.

Ерлан Қарин - ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

«Президент вандализмге қарсы күрес мәселесіне қатысты нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Бұл - Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында қабылданған төртінші заң. Бұдан бұрын вейптерге тыйым салуға, әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігіне, «Айбын» орденінің түрлі дәрежелеріне батырлардың есімін беруге қатысты заңға қол қойылған болатын.

Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде тәртіпсіздік пен мәдениетсіздік сынды кеселдерге қарсы күресуге шақырып, вандализмді теріс қылық деп атап өтті. Қол қойылған заңда: қоғамдық орындарды ластау; бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру; тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру үшін жауапкершілік күшейтілген.»


Хабарламаларға жазылу