Жамбылдық жас шебер бір жылда 500 домбыра жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық жас шебер бір жылда 500 домбыра жасады

06.07.2024

Күйдің құдіретін сезінген тараздық тұрғын домбыра жасауды кәсіп қылды. Алмас Байжанов бұған дейін электр көзін жалғайтын энергетика саласының маманы болған. Күйдің күмбірі жаңа кәсіпке жол сілтеп, бір жыл бұрын өз шеберханасын ашты. Бүгінде қолынан шыққан домбыра саны 500-ге жетеді. 

Алмас Байжанов екі жыл бұрын домбыра жасауға көңілі ауа бастайды. Күй құдыреті қолыма қашау ұстатты дейді. Сөйтіп машықтана бастаған ісі үшін мамандығын тастап, энергетика саласынан қол үзеді. Былтыр несие алып, өз ауласынан шағын шеберханасын ашты.

Алмас Байжанов – Шебер:

Домбыраның айнымауы, пернелердің таза шығуы оның беттақтайымен үйлесуі өзінің цифрлық кодтары бар. Меткалары бар. Жасалауы, оны бір рет қарайсың 10 рет қарайсың.

34 жастағы шебер домбыраның дыбысы таза, қоңыр мінезді қазақтың болмысымен үндес болу керек деп есептейді. Ол үшін жаңғақ пен қайыңды қайқы қылып иіп, қыздырады. Алайда кепкен ағашты керте беру жақсы домбыраға кепіл емес дейді.

Алмас Байжанов – Шебер:

Жақсы домбыра шығу үшін жаның таза болу керек. Адалдық ниетің түзу болу керек. + «Құдай қаласа!» деп домбыраны бастап шын көңіліңді осыған бұрып, ақшаға емес сол сенім білдіріп берген кісіге сенімін ақтап жасап, ниетіңнің бәрін осы бір домбыраға салсаң ол 2 күн 3 күн кетеді.

Бұл көпшілік білетін «Көне Тараз» күйінің авторы Аман Малдыбаев. Дәулескер күйші 66-ға келсе де өнерден қол үзбей жоғары оқу орнында дәріс беріп жүр. Ол әр үйде домбыра ілініп тұрмаса күй мен күйші елеуіз қалады деген пікірде.

Аман Малдыбаев – Күйші, ҚР Мәдениет қайраткері:

Мысалы Байжігіттің 500 күйі бар, оны көп адам білмейді. Халықтың жүрегіне жеткізу жағы жеткіліксіз. Біз бүгін жалт етіп, ертең жалп ете қалатын әндер мен күйлерге жанымыз құмар. +Отбасында, балабақшаларда осы халықтың ән, күйіменен сусындаса + отансүйгіштік алға басады.

Ал Алмастың арманы асқақ. домбыра шығаратын зауыт ашқысы келеді. Кәсібін кеңейту үшін қайтарымсыз қаржы алуға ниетті.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу