ҰҚК: Терроризмді насихаттағандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚК: Терроризмді насихаттағандар сотталды

08.07.2024

Терроризмді насихаттаған үш қазақстандық сотталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен, екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айрылған. Олар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы да, радикалды діни материалдарды таратқан. Осыған ұқсас қылмысы үшін Астананың ауданаралық қылмыстық соты, түзеу мекемесінде отырған елорда тұрғынын қосымша 6 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол азамат лаңкестік топ құру және оған жетекшілік еткені үшін 20 жылға сотталған болатын.


Хабарламаларға жазылу