Шымкентте жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейді

08.07.2024

Шымкентте ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау күшейді. Жеміс-жидек пен көкөніс тасымалдайтын техникалар, рұқсат етілген салмақтан артық тауар тиеуіне және олардың ішкі жолдармен жүруіне тыйым салынды. Сондай-ақ, мегаполисте құрылыс материалдарын сататын дүкендерді сыртқа көшіру үшін 6 ай уақыт берілді. Енді құм, шағал, топырақ сататын орындар, темірден түйін түйіп, қақпа жасайтын ұсталар, шлакоблок құйып саудалайтындар қаладан тысқары жерге көшуге міндетті. Бұл- қала аумағындағы жолдарды бүлдірімей, сақтау үшін қабылданған шешім. Базар маңына ауыр техникалардың кіруін шектейтін арнайы белгілер қойылды. Жыл басынан бері жол ережесі талаптарын бұзғаны үшін мыңнан астам ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне, әкімшілік хаттама толтырылып, оларға 61 миллион теңге айыппұл салынған.

Нұрлан Баязеров, көлік бақылау инспекциясының бөлім бастығы:

 Қаланың кіреберісіндегі жолдардың 10 жері белгіленіп, электронды таразылар қою жоспарланып отыр. Сол жерде белгілі болады. Артық салмағы шықса тиісті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып айыппұл салынады.


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу