Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен ауылдарға үш мектеп салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен ауылдарға үш мектеп салынады

09.07.2024

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен ауылдарға үш білім беру мекемесі салынады. Кейбірі күрделі, қалғаны жеңіл-желпі жөндеуден өтеді. Қазір облыс орталығында 2 және Мұғалжар ауданында да 2 балабақша жөнделіп жатыр. 2 мектеп пен 4 балабақшада жаңғыртылады. Сондай-ақ, тасқын кезінде бүлініп, апатты деп танылған білім ордаларының орнына жаңасы бой көтереді. Атап айтқанда, Ырғыз ауданының Нұра ауылында 60 орындық орта мектеп, Ойыл ауданының орталығында Екпетал елдімекенінен көшіп келгендер үшін мектеп-балабақша және Қаратал ауылында мектепке дейінгі білім беру мекемесі салына бастайды.

Артур Әуезов, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

Ақтөбе облысында көктемгі су тасқыны кезінде 14 білім беру ұйымы зардап шеккен болатын. Оның ішінде 6 білім беру ұйымы жарамсыз деп танылып, орнына жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен 8 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, одан бөлек екі білім беру ұйымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүреді.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу