«Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірлестік-2024» халықаралық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы басталды

11.07.2024

Осыған орай Ақтауға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның әскери контингенттері келді. Олар алдын ала оқу-жаттығулардың жоспарын талқылап, әскери іс-қимылдар өтетін учаскелермен танысты. Жаттығудың негізгі бөлігі 14-17 шілде аралығында «Оймаша» полигонында, сондай-ақ Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жерде теңіз аумағында өтеді. Онда 5 елдің әскери қызметшілері қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүзеге асырады. Тактикалық эпизодтарға жердегі және әуедегі барлау топтары, теңіз арнайы күштері, армия мен майдан авиациясының экипаждары, әскери корабльдер мен катерлер, артиллериялық топтар, шабуылдаушы және танк бөлімшелері қатысады.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу