Ел бойынша 11 мыңнан астам жұмысшы жалақы алмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша 11 мыңнан астам жұмысшы жалақы алмаған

12.07.2024

Ел бойынша 11 мыңнан астам жұмысшы жалақысын ала алмай жүр. Кәсіпорындарда тексеріс жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторлары 200-ге жуық мекеме жұмысшысының маңдай тер ақыларын кешіктіргенін анықтаған. Айтуларынша оларға жұмыс берушілері 3 миллиард теңгеге жуық қарыз болған. Қазір еңбек құқығын сақтамаған мекеме басшыларына нұсқама беріліп, 26 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Әрі жалақы бойынша берешекті өтеу үшін арнайы кесте жасалып, мерзімдері белгіленді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу