Йемен астанасында ауқымды шеру өтті. Оған ондаған мың адам қатысқан. Демонстранттар елдің және Палестинаның туын көтеріп, Батысқа қарсы ұрандар айтып, соғыстан қираған Газа секторының халқына қолдау білдірді. Айта кетсек, Израиль Газаға басып кіргеннен кейін, Иранға арқа сүйеген йемендік хуситтер, Қызыл теңіз бен Аден шығанағында сауда кемелеріне дрондармен, зымырандармен соққы берді. Сол шабуылдардан екі кеме құрдымға кетіп, үш адам мерт болды. Хуситтер осы әрекеттері арқылы Израильге наразылық білдірген.