83 жастағы әжей Париждегі марафонға қатыспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

83 жастағы әжей Париждегі марафонға қатыспақ

13.07.2024

Барбара Хамберт марафон десе, ішкен асын жерге қояды. 83 жастағы әжей Париж Олимпиадасы аясында өтетін «Баршаға арналған марафонды» күн санап күтіп жүр. Шөбере сүйген кейуана апта сайын кемі 50 шақырымды артқа тастайды. Әлем елдерінде өткен 60 марафонның мәре сызығын кескен. 

Барбара Хамберт , 83 жастағы марафоншы:
 Былтыр Францияда өткен жеңіл атлетика чемпионатында 24 сағат бойы тоқтамастан жүгіріп, 125 шақырымды бағындырдым. Сөйтіп, марафонға қатысқан қариялар арасында әлемдік рекорд орнаттым.

Барбара әжей үшін 10 тамыз күнгі жарыстың жөні бөлек. Өйткені әуесқой спортшылар тұп-тура олимпиалық марафоншылардың жарысын қайталап, дәл сол бағытпен жүгіріп өтеді. Жарысқа қатысушылардың саны шектеулі. Өтінім бергендердің арасынан 20 мыңы кездейсоқ таңдалады. Сондықтан да марафоншы әжей бағы жанғандардың қатарына ілікпей қалам ба деп қатты алаңдапты.

Жак Хамберт, Барбара Хамберттің күйеуі:
 Біз тіпті Спорт министрінің атына хат жолдадық. Амели Удеа-Кастерадан Олимпиада ойындары аясында өтетін марафонға қатысуға қол жалғап жіберіңізші деп өтіндік. Көп ұзамай министрден: «Әлбетте, көмектесіп, қолдаймыз!» деген жауап келді.

Барбара Хамберттің жүгірумен айналысқанына биыл 40 жыл болыпты. Ондаған кубок пен медальдің арасында тек Олимпиада ойындары марафонының жүлдесі жетпей тұр.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу