Голливуд актері Көшпенділер ойындарымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голливуд актері Көшпенділер ойындарымен танысты

13.07.2024

Голливуд актері Көшпенділер ойындарымен танысты. Астанада өтетін халықаралық дүбірлі дода қарсаңында Эрик Робертс, елімізге арнайы шақыртумен келген. Бүгін ол елордадағы «Qazaqstan» спорт кешенінде көшпенділер ойындарымен жақынырақ танысып, таңданысын жасыра алмады. 5-ші Дүниежүзілік ойын қыркүйекте Астанада өтеді. Оған әлемнің 89 елінен екі мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Эрик Робертс, Голливуд актері:

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өте ғажап әрі қауіпті ойын. Оның басталуын асыға күтемін. Өзіме ат спорты қатты ұнайды.


Хабарламаларға жазылу