Әмір Омархан: Болашақта еліме жеңіс сыйлауға барымды саламын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әмір Омархан: Болашақта еліме жеңіс сыйлауға барымды саламын

13.07.2024

Лондонда өтіп жатқан теннистен жылдың үшінші «Үлкен дулыға» жарысында ел намысын қорғап, сәтті ойын көрсеткен спортшымыз Әмір Омарханов турнирден соң скайппен Ақпарат тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді. Жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның 13-ші ракеткасы болып тіркелген қарағандылық 16 жастағы жігіт, доданың үшінші айналымында турнирдің 1-ші ракеткасы, америкалық Кейлан Бигунмен ойнады. Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы рейтингте әлемнің 16-шы ракеткасы. Ол бұған дейін «Ролан Гаррос», «Үлкен Дулыға» турнирлері мен Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсеткен. Ал жыл басында «Juniors Australian Open» турнирінің фавориттерін жеңіп, 1/4 финалға дейін жетті. Қазақ баласының мұндай жетістігін Халықаралық теннис қауымдастығы жоғары бағалаған еді. Әмір Омарханов 14-28 шілде аралығында Астанада өтетін Президент кубогында өнер көрсетпек.

 Айта кетейік, әлемдегі ең беделді деп танылған байрақты бәсекеге еліміздің атынан биыл 14 теннисші қатысты. 1,5 ғасырға жуық тарихы бар Уимблдон турнирінде екі жыл бұрын Елена Рыбакина жеңіске жетіп, еліміздің атын алтын әріппен қалдырған еді.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу