Байден отандастарын зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден отандастарын зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды

15.07.2024

АҚШ басшысы Джо Байден, экс-президент Дональд Трампқа жасалған қастандық әрекетіне байланысты Америка халқына үндеу жолдады. Мәлімдемеде ол отандастарын зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырған.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

«Бізге саясатта температураны төмендету қажет. Мұндай зорлық-зомбылықтың қалыпты жағдайға айналуына жол бермеуге тиіспіз. Елімізде саяси риторика қызып барады. Оны салқындататын кез жетті. Бұл – бәрімізге ортақ жауапкершілік». 

Сонымен қатар, Байден Трампқа тезірек сауығып кетуді тілеп, митинг кезінде отбасын қорғау үшін кеудесін оққа тосып, мерт болған өрт сөндірушіні «батыр» деп атады. Қастандық әрекетінен аман қалған Трамп болса, Висконсин штатының Милуоки қаласына ұшып барды. Осы апта соңында Дональд Трамп Республикалық партияның ұлттық конгресінде президенттікке ресми түрде үміткер болып таңдалуы керек.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу