Қырғызстанда тасқыннан мерт болған әйелдің денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда тасқыннан мерт болған әйелдің денесі табылды

15.07.2024

Қырғызстанда алапат тасқыннан мерт болған әйелдің денесі Ақ-бура өзенінің жағасынан табылды. Бұған дейін құтқарушылар 7 жастағы қыз баланың мәйітін Өзбекстан аумағынан тапқан еді. Қалғандары іздестіріліп жатыр. 30 адам жедел жәрдем көмегіне жүгініп, оның 9-ы ауруханаға жатқызылған.

Нөсер салдарынан 800 үй, 4 мектеп, екі балабақша, екі аурухана мен мұражай қирады. Суға ағып кеткен көліктер де көп. Қазір Ноокат ауданында Ош-Баткен-Раазақов жолының учаскесі жабылды.


Хабарламаларға жазылу