Непалда өзенге құлаған екі автобуспен бірге 55 адам жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда өзенге құлаған екі автобуспен бірге 55 адам жоғалып кетті

15.07.2024

Непалда өткен аптада өзенге құлап кеткен екі автобустағы 65 адамның 55-і әлі табылмай отыр. Бүгін оларды іздеу операциясына жүздеген қауіпсіздік қызметкері жіберілді. Апаттан кейін 72 сағат өтсе де, автобустар мен адамдардың қайда екені анықталмай жатыр.

Әзірге жеті жолаушының қаза тапқаны мәлім. Непалда жауын маусымы өткен айдың ортасында басталды. Содан бері тасқындар мен лай көшкіндерден 100-ден астам адам көз жұмды.


Хабарламаларға жазылу