Қызылорда облысында су айдындары тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында су айдындары тазартылды

15.07.2024

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» эконауқаны аясында су айдындарының айналасы қоқыстан тазартылды. Өзен, көлдердің жағасындағы игі іске мемлекеттік қызметшілер, белсенді жастар мен еріктілер атсалысты. Еріктілер Жалағаш ауданындағы «Әйтек» каналының бойын ретке келтірді. Игі іс әр апта сайын үзбей өтіп келеді. «Бұл бастама тұрғындардың табиғатты аялап, тазалық мәдениетін қалыптастыруына өз септігін тигізуде»,- дейді қатысушылар.

Айғанша Сарманова, Жалағаш ауданының тұрғыны:

Біз әріқарай да жұмысымызды жалғастыра береміз. Өзіміздің Қазақстанымыздың өркендеуіне, дамуына өз үлесімізді қосамыз. Қазақстанымыз таза болсын.

Қостанайда жаппай сенбілік өтті

Қостанай облысында да, «Таза Қазақстан» акциясы бұқаралық сипатқа ие болды. Мәселен, Алтынсарин ауданында сенбілікке аудан әкімі, мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары, қызметкерлер жаппай сенбілікке шықты. Ел азаматтары «Жасыл ел» жасағымен бірге аллеяларды тазартып, шөп шауып игі іске белсене атсалысты.


Хабарламаларға жазылу