Астана медицина университетінің 1200-ден астам студенті диплом алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана медицина университетінің 1200-ден астам студенті диплом алды

15.07.2024

Бүгін Астана медицина университетінің 1200-ден астам студенті диплом алды. Құжатты табыстау рәсіміне Денсаулық сақтау министрі де қатысып, түлектерге сәттілік тіледі. 

Салтанатты шараға, өңірлік жоғары оқу орындарының үздік студенттері мен оқу ордасында білім алған Үндістан, Пәкістан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Иорданиядан келген жас мамандар да қатысты. Олар интернатура мен бакалавриат деңгейінде 7 бағыт бойынша оқыған. Жалпы, еліміз бойынша биыл 10 мыңнан астам түлек медицина маманы атанды.


Хабарламаларға жазылу