Кувейтте ірі мұнай кеніші табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кувейтте ірі мұнай кеніші табылды

15.07.2024

Кувейтте ірі мұнай кеніші табылды. Бұны KPC корпорациясы хабарлап отыр. Оның дерегінше жаңа кеніш елдің шығысындағы Файлака аралында анықталған. Онда сақталған энергетикалық шикізат қоры 3,2 миллиард баррельге жетуі мүмкін. Ал кеніштің өз аумағы 96 шаршы шақырымнан кем емес екен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу