![«Classic» радиосы: Ертең Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсының премьерасы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_13325.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсының премьерасы өтеді.
«Еңлік-Кебек» операсы монументалды, тарихи жәдігер. Мұхтар Әуезовтың осы аттас драмасы негізінде жазылған либреттоның авторы – ақын және аудармашы Сағи Жиенбаев.
Ғазиза Ахметқызы Жұбанова – Қазақстан және КСРО халық артисі ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Classic» радиосы: Ертең Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Ғазиза Жұбанованың «Еңлік-Кебек» операсының премьерасы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/19659/)