Елімізде кепілсіз несие беру көлемі шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кепілсіз несие беру көлемі шектеледі

18.07.2024

Қазақстандықтарға 8 млн теңгеден жоғары кредит кепілсіз берілмеуі мүмкін. Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілмек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сүйенсек, екінші деңгейлі банктердің 2 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін бере алатын кепілсіз несие сомасын шектеу ұсынылды. Егер жаңа қаулы қабылданса, азаматтар кепілсіз 8 млн теңгеден астам сомаға несие алу мүмкіндігінен айырылады. Ал микроқаржы ұйымдары үшін кепілсіз кредит берудің сомасы екі есе төмен, яғни микроқарыз көлемі 4 млн теңге болса кепілсіз бермеуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, жаңа нормалардың кепілдендірілген несиелерге қатысы жоқ.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу